Атырауда полиция қызметіне 50-ге жуық автокөліктің кілті табыс етілді

1371

Атырауда полиция қызметіне 50-ге жуық автокөліктің кілті табыс етілді

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етіп отырған полицейлерді 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды atpress.kz.
Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға ішкі істер органы қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысып, қонақ болды.

"Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын алып отыр. 25 жыл ішінде Қазақстанға, өңірге ғана емес, бүкіл әлемге ықпал ететін шешімдер қабылданды. Полиция қызметкерлері де тәуелсіздіктің жемісін, жеңісін қорғап, елбасы – жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың тыныштығын сақтау, қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын абыройлы атқарып келе жатыр", – деді Нұрлан Ноғаев.

Шара кезінде қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлері марапатталды. Жұбайдолла Дауешовке полиция полковнигі арнайы атағы, Андрей Карабасовқа мерзімінен бұрын полиция полковнигі арнаулы атағы, сондай-ақ Ринат Икласов пен Рауан Қасымжановқа мерзімінен бұрын полиция подполковнигі шендері берілді.

Жиыннан соң Атырау облысы ішкі істер департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің жаңа ғимаратын салтанатты ашу рәсімі өтті. Мұнда арнайы даярлық басқармасы да көшірілген.

Жаңа ғимаратты облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі аралап шығып танысты. Мұнда полиция қызметкерлерінің оқу жаттығуы үшін де бар жағдай жасалған. Ғимараттың алдындағы жағалауда су полициясының суда жүзу құрылғылары мен көліктерінің тұрағы ұйымдастырылған.

Шара аясында жергілікті полиция қызметіне 50-ге жуық автокөліктің кілті табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу