10 мамырда сағат 17:30 шамасында Атырау облысы Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау барысында учаскелік полиция Алмас Қамидоллин көше бойында ересектердің қарауынсыз жалғыз жүрген 7 жасар баланы байқайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция қызметкері баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында онымен тілдесіп, мән-жайды анықтаған. Әңгіме барысында бүлдіршіннің үйінен шығып кетіп, жақындарын таба алмай жүргені белгілі болады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, анасы үйде кіші баласына қарау кезінде үлкен баласының сыртқа шығып кеткенін аңғармай қалған. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторы баланың тұрғылықты мекенжайы мен заңды өкілдерін анықтау бағытында жедел шаралар қабылдады.
Нәтижесінде небәрі 15 минут ішінде, яғни сағат 17:45 шамасында, бала тұрғылықты мекенжайына жеткізіліп, анасына аман-есен табысталды.
Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігіне әрдайым ерекше назар аударуға шақырады.