Атырауда жол қозғалысын реттейтін патрульдік полицейді көлік қағып кетті. Тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облысының полиция департаменті бұл ақпаратқа түсініктеме берді.
"30 қыркүйекте сағат 18:40-та Toyota Corolla маркалы автокөлік жүргізушісі Қ.Сәтпаев пен Ерниязов көшелерінің қиылысында өзінің қызметтік міндеттерін атқарған патрульдік полицейді қағып кетті. Оқиға салдарынан полицей түрлі жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу