Атырауда полицияның жаңа бастығы тағайындалды

102

Атырау қалалық полиция басқармасының жаңа басшысы болып Айдар Қасанов тағайындалды.  

Атырауда полицияның жаңа бастығы тағайындалды Фото: gov.kz

Ол осыған дейін Ақтауда еңбек еткен. Бұл қызметте Бақтыбек Исаевты алмастырып отыр. Бақтыбек Исаев қызметінен босатылып, тергеу аясында ұсталған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Айдар Қасанов – ішкі істер органдарының кәсіби қызметкері. Ол еңбек жолын Жаңаөзенде тергеуші болып бастап, кейін түрлі тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған.

Кейін басшылық лауазымдарға көтеріліп, 2019 жылы Жаңаөзен полициясын басқарды. Одан соң Ақтауға ауысып, облыс орталығында жұмысын жалғастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу