Атырауда полипропилен өндіретін зауыт электр энергиясын қабылдады

1496

Атырауда полипропилен өндіретін зауытты іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастау үшін алғашқы қадам жасалды.

Атырауда полипропилен өндіретін зауыт электр энергиясын қабылдады

Газ-химия кешені "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-нен 110 кВт басты төмендеткіш қосалқы станцияға электр энергиясын қабылдады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, іске қосуалды және іске қосу-жөндеу жұмыстары мен зауыттың өндірістік жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті энергия ресурстарын уақытылы жеткізу керек.

Өндірісті қолдау бойынша бас инженердің орынбасары Рахметулла Қапановтың айтуынша, қазіргі кезде 72 сағаттық шыдамдылықты бақылау үшін тестілік өлшемдер жүргізілуде. Жабдықтар штаттық режимде жұмыс жасап тұр, жоба операторы "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."(KPI) вахталық жұмысшыларды жасақтап, мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар, құрылыс бойынша бас мердігер CNCEC компаниясымен бірге кезекшілік орнатылған.

"Аталған жұмыстардан кейін электр энергиясы екінші трансформаторға беріледі, ол да 72 cағат тексеруден соң зауыт толықтай электр энергиясын қабылдады деп айта аламыз. Одан соң динамикалық және басқа да жабдықтарды жеке сынақтан өткізу үшін қосалқы станциядан энергияны бүкіл кешенге тарату жұмыстары бар", - дейді Рахметулла Қапанов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу