Жастардың тәжірибелік оқуын жетілдіруге мүмкіндік беретін Fab Lab сандық өндіріс зерханасы Қазақстанда алғаш болып Атырау қаласында ашылды. Зертханада компьютерлік бағдарламалармен басқарылатын "ақылды" машиналар әр түрлі материалдарды өңдеп, дайын қажетті пішін дайындап береді.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне орнатылған сандық зертхананың ашылуына Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатысып, зерхана жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
"Fab Lab" – бұл лазерлік кесу құрылғылары мен 3D принтерден тұратын цифрлық жабдықтар зертханасының портативтік нұсқасы.
"Цифрлық зертхана барлық жастарға қолжетімді болғандықтан, кез келген жас өз идеяларын жүзеге асыра алады. Бұл "Шеврон" корпорациясының Атырау қаласы жастарын дамытуға арналған "Заңғар" жобасы аясында қолға алынды. Жобаның мақсаты – аймақ жастарын оң бағытта дамытатын орта құру", – дейді демеуші компанияның өкілі Лейла Айтмұханова.