Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан

298

Ол әскерге биылғы 18 сәуірде шақырылған.  

Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Фото: Shutterstock

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі мерзімді қызметтегі сарбаздың әскери бөлімнен қару алып шыққаны туралы мәліметті растады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап. 

"2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қаруды алып, бөлімді өз еркімен тастап кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған ресми мәліметте.

Кей мәліметтер бойынша, әскери бөлімнен қашқан сарбаз - Көкшетау қаласының тумасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу