Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің алдына ақша қаражатын шетелге заңсыз шығару фактілерін анықтау және тергеу бойынша аса маңызды міндеттер қойды.
Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті "Монтаж-01" ЖШС директорының Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын (1 млрд 200 млн теңгеден астам) шығару бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.
ҚХР тумасы Цуй Цуньде "Монтаж-01" ЖШС-нің Атырау филиалы атынан "Beijing True Fortune International Trading Co., LTD" компаниясымен "Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы" бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсетуге жалған мәміле жасады.
Бұл ретте, консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген.
Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.