Атырауда шартты сотталғандарды электронды білезікпен бақылап отырады

612

Электронды білезік шартты мерзімге немесе бас бостандығын шектеуге сотталғандардың қозғалысын бақылау үшін қолданылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Атырауда шартты сотталғандарды электронды білезікпен бақылап отырады

Қызметкерлердің смартфоны мен қызметтік планшетінде мобильді қосымша орнатылды. Электронды білезік – су өткізбейтін, шаңға төзімді әрі гипоаллергенді құрал.

Білезіктің қуаты таусылса, оны алып тастауға немесе сындыруға әрекет жасалса, құрылғы белгі береді. 

Бірінші кезекте жазаны өтеу шарттарын жүйелі бұзатындар қамтылады. Қазір 77 адамға тағу көзделіп отыр. Облыста пробация қызметінің есебінде 1 100 сотталушы бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу