Атырауда шартты түрде босатылған азамат қайта қамауға алынды

141

Ол алкогольдік ішімдікке әуестеніп, тәртіпке қайшы әрекеттер жасаған.

Атырауда шартты түрде босатылған азамат қайта қамауға алынды Фото: Polisia.kz

Атырауда 40 жастағы азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

№9 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары аталған азаматтың заң бұзушылықтарын анықтап, Атырау қаласының полиция басқармасы атынан сотқа шартты түрде босатудың күшін жою туралы ұсыныс жолдады. 10 желтоқсан күні сот шешімімен азамат қайтадан түзеу мекемесіне қамалды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласының полиция басқармасы сотқа жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою туралы 6 ұсыныс жолдаған. Оның 5-еуі қанағаттандырылған. 

Тәртіп сақшылары сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу