Атырауда шартты түрде сотталған жігіт түн жарымында мейрамханада көңіл көтеріп жүр

527

Атырауда шартты түрде сотталғандар түнгі мезгілде үйде болу талабын сақтамайды. 

Атырауда шартты түрде сотталған жігіт түн жарымында мейрамханада көңіл көтеріп жүр Фото: inbusiness.kz

Сотталушының бірі мейрамханада көңіл көтеріп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау қалалық пробация қызметінің бастығы Мейірбек Оразғалиевтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторларымен бірге "Есепке алу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

"Қоғамнан оқшауланбай, жазасын шартты түрде өтеуге сотталғандар адамдарға қойылатын талаптар бар. Соның бірі – түнгі мезгілде тұрғылықты мекенжайында болу. Алайда, тексеру кезінде кейбір сотталушылардың үйінде отырмайтыны анықталды. Талдау көрсеткендей, олардың кейбірі мейрамханаларда көңіл көтеріп жүреді. Мәселен, Алмасбек есімді сотталушы тексеру кезінде үйінде болмай шықты. Кейін оның мейрамханада отырғаны белгілі болды. Ал, кейбірі туыстарының үйіне қонаққа барады", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің бастығы Мейірбек Оразғалиев.

Тексеру кезінде үйінде болмаған сотталғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Енді жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.

"Шартты түрде сотталғандарға талапты сақтауды ұдайы ескертіп келеміз. Олардың тарапынан талап жиі бұзылатын болса, кейбірі жазасының қалған бөлігін түрмеде өткізуі мүмкін", - деп мәлім етті Мейірбек Оразғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу