Атырауда шаруа қожалығының жұмысшысын қасқыр талаған

220

Ер адам қолынан жарақат алды.

Атырауда шаруа қожалығының жұмысшысын қасқыр талаған Фото: Fandom

Атырау облысы Индер ауданындағы шаруа қожалығында жұмысшыға қасқыр шапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 19 желтоқсанда Индер ауданындағы Елтай ауылдық округінің аумағында орналасқан Көктөбе қыстағында болған. Мұнда "Бекзат" шаруа қожалығының малшылары қоныстанған.

Ауылдық округ ветеринары Амантай Мұқатовтың дерегіне сүйенсек, қожалық жұмысшысы Болат Сариев малға шөп салу үшін аулаға шыққан. Сол кезде оған түз тағысы шапты.

"Қасқыр Болат Сариевтің қолын тістеп алған. Оның қолында қасқыр тісінің ізі бар. Ол қасқырмен алысқан сәтте інісі Аманжол дереу жеткен. Екеуі қасқырды ұрып өлтірген", – деді Амантай Мұқатов.

Ветеринардың айтуынша, қасқырдың басы облыстық ветеринарлық зертхана тапсырылған. Ал өлексесі санитарлық талапқа сай өртеліп, кейін көмілген.

Түз тағысы тістеген Болат Сариев аудан орталығы Индербор кентіндегі ауруханада амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Жарақат алған Болат Сариевтің баласы әлеуметтік желіде қасқыр түсірілген видеоны жүктеді.

Оның айтуына қарағанда, екі-үш күн бұрын дәл осындай оқиға Ынтымақ ауылында да болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу