Атырауда шенеуніктер төбелес шығарып, біреуі комаға түсті

396

Атырау қаласында көлік прокуратурасының қызметкері мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері төбелесіп, бірі комаға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырауда шенеуніктер төбелес шығарып, біреуі комаға түсті Фото: shutterstock

Ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Оқиға 28 қаңтарда Атыраудағы "Villa Beer House" ғимаратында болған.

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, көлік прокуратурасының қызметкерлері мен Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы арасында жанжал болған.

"Түн ортасында мас күйіндегі адамдар арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласты. Төбелес барысында мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары басынан соққы алды. Жәбірленуші облыстық ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды ер адам комаға түсті", – деп жазылған ақпаратта.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", деді облыстық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу