Атырауда шеруге шыққан балаларға күн тиген

787

20 шақты балаға медициналық көмек көрсетілді.

Атырауда шеруге шыққан балаларға күн тиген Фото: azh.kz

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, олар өздерін нашар сезініп, мұрындарынан қан кеткен, деп жазады  azh.kz.

Бүгін, 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің қатысуымен шерулер өтіп жатыр. Атырауда бұған бір жарым ай бұрын дайындала бастаған. Қаладағы бүкіл мектептен, спорттық және шығармашылық оқу орындарынан барлығы 15 мыңға жуық бала шеруге қатысты.

Алдыңғы күні өте ыстық болатыны туралы ескертілген болатын, қазір қалада термометрлер 36 градус ыстық көрсетіп тұр.Балаларға таңертеңгі сағат 7-де облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанына жиналыңдар деп айтылған. Шеру сол жерден басталып, орталық көпір арқылы алаңға қозғалды. Шерудің өзі сағат 9.30-да басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу