Атырауда Smart-карта электронды билет жүйесі іске қосылды

1213

Бүгінде 54 автобус мобильді терминалмен жабдықталған. 1 қарашаға дейін  200 автобусты жабдықтау және оларға QR-код беру жоспарлануда.

Атырауда Smart-карта электронды билет жүйесі іске қосылды

Атыраудағы қалаішілік автобустарда Smart-карта электронды билет жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Жол ақысын төлеудің жаңа түрі тұрғындар үшін қолайлы болмақ.

Жолаушылар төлемді 9 түрлі жүйеде төлей алады. Сондай-ақ әрбір автобустың ішінде көрсетілген 9505 қысқа нөміріне нақты автобус нөмірін SMS арқылы жіберіп, ұялы нөмірдің теңгерімімен төлеуге болады. Зейнеткерлерге де арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар SmartQala мобильдік қосымшасы жұмыс істейді. Оның көмегімен төлемнің барлық түрлерін жасауға және карта теңгерімін бақылауға болады.

"Зейнеткерлерге және мүгедектерге, басқа да жеңілдіктерге ие жолаушыларға арналған карталар бар. Оны алу үшін "Форте" банктің кез келген филиалына барып өтініш жазатын болса, банк ол кісілерге картаны тегін береді", - дейді жоба жетекшісі Ерлан Нұрланұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу