Атырауда соңғы тіркелген үш науқастың екеуі Түркиядан келген

767

Барлық пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылған. Олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынуда.

Атырауда соңғы тіркелген үш науқастың екеуі Түркиядан келген

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адамға жетті, деп хабарланды жедел штабтан.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы соңғы тіркелген 3 науқасқа қатысты мәлімет берді. Оның бірі бұрын коронавирус расталған Орал тұрғынымен байланыста болған екен.

"37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны вирус жұқтырған оралдық әйелмен байланыста болғандар тізімінде тұрған.Туған жеріне оралғаннан кейін одан ауру анықталды",– деп жазылған ақпаратта.

Екінші ауру жұқтырған пациент – 20 жастағы жігіт, 27 наурыз күні әуежайға қонған "Ыстанбұл-Атырау" арнайы рейсімен келген. Жігіт ЖРВИ айқын белгілерімен инфекциялық стационарға жатқызылған. Карантинде болған кезде коронавирусқа тесті қайта тексерілгенде расталыпты.

Бұл рейспен сондай-ақ 28 наурызда жастағы әйел де келген. Ол әуежайдан ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жеткізілген, кейін ауру жұқтырғаны анықталды.

"Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға ЖРВИ белгілерімен шағымданған. Одан алынған тест әйелдің коронавирусқа шалдыққанын көрсетті, қазіргі кезде науқаспен байланыста болған адамдардың тізімі құрылуда. Бұдан басқа, Атырау облыстық Денсаулық сақтауң басқармасының шешімімен, облыстық аурухана екі күнге карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жүргізіліп, індет жұқтырған медициналық қызметкерлер мен пациенттер оқшауланған",– деген мәлімет бердіденсаулық басқармасынан.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адам болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу