Атырауда пәтерді жекешелендіру ісінде сот мұғалімді жақтады

214

Жергілікті атқарушы орган мен ұстаз арасындағы дауға қатысты нүкте қойылды.  

Атырауда пәтерді жекешелендіру ісінде сот мұғалімді жақтады Фото: ritm69.ru

2011 жылы атыраулық 30 жылдық тәжірибесі бар педагогке мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуға 68,3 шаршы метр екі бөлмелі пәтер берілген, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Алайда, 3 жылдан кейін Тұрғын үй инспекциясы бөлімі оның бұрын 2022 жылы басқа тұлғаға иеліктен шығарылған тұрғын үй жылжымайтын мүлкі болғанын алға тартып, оны жекешелендіруден бас тартқан.

Балалар үйінің түлегі болып саналатын педагог оған сотқа шағымданған. Талабында ол пәтердің жалдау ақысын ұдайы төлеп келгенін атап өткен. Негізі, оған бұрын жер телімі берілген. Ол жерге 20,5 шаршы метр шағын үй салған. Қаржысы болмай құрылысты аяқтай алмаған: үй майланбай, терезе қондырылмай, тұруға жарамсыз болған. Артынша әйел ол үйді танысына сыйға берген.

Сотқа шағым берген кезде оның баласымен екеуінің жеке меншігінде баспана болмаған. Жалпы еңбек өтілі 43 жыл бюджеттік ұйым қызметкері бола тұра, ол қалдық құны бойынша пәтерді жекешелендіруге құқығым бар деп есептейді.

Бірінші сатыдағы сот істі қарай отырып, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 75-бабының нормаларына тоқталды, оған сәйкес бір адамның тұрғын үй алаңы кемінде 15 шаршы метр болуы керек.

Сот сонымен қатар талап қоюшының шағымын қараған кезде уәкілетті органның әкімшілік іс жүргізу тәртібін бұзғаны: істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу бойынша шаралар қабылданбағанын, арызданушының дәлелдері тыңдалмағанын, тұрғын үйді иеліктен шығарғанға дейін тұрғын үй комиссиясының хаттамасы қабылданғанын анықтады.

Сонымен қатар, талап қоюшының үйді басқа тұлғаға беру туралы дәлелдері дұрыс тексерілмеген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырып, мемлекеттік органды талап қоюшыға пәтерді жекешелендіру құқығын беретін қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды міндеттеді.

Әкімшілік орган сот шешімімен келісіп, апелляциялық сатыда шағым берген жоқ.

Сот актісі заңды күшіне енді және орындалуға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу