Атырауда сот судьясы парамен ұсталды

558

Атырауда аудандық соттың судьясы 2,5 млн теңге парамен ұсталды.

Атырауда сот судьясы парамен ұсталды Фото: tengrinews

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына іс қозғалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтық іс-әрекетке барған судья Қылмыс кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, яғни алаяқтық іс-әрекеті үшін айыпталып отыр.

Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 15 қаңтарда судьяны 2,5 млн теңгені алу кезінде парамен ұстады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу