Атырауда сотқа дейінгі татуласу кабинеттері ашылды

951

Атырауда сотқа дейінгі татуласу кабинеттері ашылды

Атырауда облыстық сот төрағасы Марғұлан Бектұрғанов кәсіби медиаторлармен кездесті. Жиында Марғұлан Бектұрғанов "Сот жүйесінің 7 түйіні" жобасы шеңберінде Атырау қалалық сотының ғимаратында заманауи негізде жабдықталған кәсіби медиаторларға және сот медиациясына арналған кабинеттер ашылғанын атап өтті, деп хабарлайды atpress.kz

"Өңірдегі медиаторлардың жұмысы жақсы нәтижелер беруде. Бұған статистикалық мәліметтер дәлел, 2017 жылы сотқа дейінгі медиация тәртібінде 1429 іс, осы жылдың төрт айында шамамен 400 дауды қарау аяқталған. Біз медиацияны дамыту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруға ниеттіміз. Сол үшін де азаматтар арасындағы кикілжіңдерді тез әрі тиімді шешуге барлық жағдайды жасауға тырысамыз", - деді Марғұлан Бектұрғанов.

Бүгінде Атырау қалалық сотының ғимаратында төрт татуласу кабинеті ашылған. Олардың екеуінде кәсіби медиаторлар, ал қалған екеуінде судья медиаторлар жұмыс істейді. Сондай-ақ, жұмысты насихаттау мақсатында сотта және қаладағы телеэкрандарда аталған кабинеттердің қызметі туралы қысқа метражды бейнеролик көрсетілуде.

Алдағы уақытта, кәсіподақ орталығы мен Достық үйі жанында осындай татуласу кабинеттері ашылады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу