Атырауда су жүйесін есептегіш құралдар шығаратын зауыттың іргетесы қаланды

1526

Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында су жүйесі есептегіш құралдарын шығаратын зауыттың іргетасы қаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырауда су жүйесін есептегіш құралдар шығаратын зауыттың іргетесы қаланды

Шетелдік құрылғылармен жабдықталатын зауыт болашақта айына 18 мың данадан астам өлшеу құрылғыларын шығара алады.

Жобамен танысқан Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов өндіріс орнында жұмыспен қамтылатын 80 адамның 60-тан астамы жергілікті азаматтар болатынын айтты.

"Guryev" ЖШС-ның директоры Жеңіс Бекбасаровтың сөзінше, бұл – Қазақстандағы су жүйесіне арналған жүз пайыз отандық есептегіш құралдар шығаратын алғашқы өнеркәсіп. Қажетті шикізаттың барлығы ел ішінен әкелінеді, әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Алғашқыда зауыт облыс кәсіпорындары мен ұйымдарын қамтамасыз етеді, кейін республиканың өзге өңірлерінің де сұраныстарын қанағаттандырады.

"Су өлшеуіш құралдары қазіргі таңда шетелден жеткізіліп жатқанын сондай-ақ шетелден бөлшектері әкелініп құрастырылып жатқанын білесіздер. Сондықтан бұл зауыт еліміз үшін өте пайдалы өндіріс болады деп күтілуде. Бастапқыда мұнда механикалық есептегіш құралдар шығарылса, болашақта олардың электронды түрлері де өндіріледі. Мұның тиімділігі – ай сайын суды  қаншалықты тұтынғаны туралы көрсеткіш есебін беріп керек емес, құрылғы автоматты түрде есептейді. Осы орайда, елімізде жүргізіліп жатқан ақпарат тасымалдау жүйелерін цифрландыру жұмысына да игілігі тиетін ерекше жоба деуге болады",-  деді Жеңіс Бекбасаров.

Сонымен қатар, шара барысында зауыт басшылығы алғашқы өнімдерін алатын екі компаниямен меморандумға қол қойды. Айта кетейік, аталған зауыт құрылысы осы жылдың қыркүйек айында аяқталып, өндірістік жұмысын бастамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу