Атырауда субсидияға байланысты жасырын сауалнама жүргізілді

1386

Үш адам оны алу үшін ақша бергенін айтқан.  

Атырауда субсидияға байланысты жасырын сауалнама жүргізілді

Атырау облысында ауылшаруашылығы бағытындағы мемлекеттен берілетін субсидиялардың ашықтығын және және сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау үшін анонимді сауалнама жүргізілді. Оған қала мен аудандардан барлығы 123 шаруа қожалығы қатысты, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Сауалнаманы "Атырау –  адалдық алаңы" жобалық кеңсесі 2021 жылдың 29 шілде – 4 тамыз аралығында жүргізген. Оған қатысушылардың 91,8%-ы мемлекеттен берілетін сусидиялар жайлы білетінін, 8,1%-ы ештеңеден хабарсыз екенін айтқан, сұралғандардың 28,4%-ы ешқашан субсидия алып көрмеген. Ал рәсімдегендердің 9,7%-ы интернетке, 10,5%-ы база ұсынатын мәліметтерге байланысты қиындықтар көргенін жеткізеді. Үш шаруа қожалығы субсидия алу кезінде лауазымды тұлғаларға пара бергенін мойындаған.

Мониторинг барысында "субсидия алу туралы ақпараттандыру өте төмен, сол себепті, түсіндірме жұмыстарын нығайтып, білімді мамандарды тағайындау керек", "мал басын шетелден алуға ұмтылмай, өз шаруаларымыздан алу қажет" деген ұсыныстар айтылған. Бұдан бөлек, фермерлер "Қолдау" порталы бойынша төлемақы мен алған қаражаттың 10%-ын ұстауды азайтып, салықтың есеп беру жолдарына өзгерістер енгізіп жеңілдету, ет өнімдері бойынша субсидия  беруді көбейтіп, өте жоғары етіп қойған крийтерийлерін азайтуды, шөп пен жемге де субсидия қарастыру жөнінде нақты ой-пікірлерін білдіреді. Өкінішке қарай, жасырын жүргізілген сауалнама сусидияның айналасында сыбайлас жемқорлық деректері де кездесіп отырғанын көрсетті.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу