Атырауда суға батып кеткен ағайынды жасөспірімдер әлі табылған жоқ

481

Жасөспірімдерді іздеу 13 маусым күнгі кешкі мезгілден бері жалғасып жатыр.

Атырауда суға батып кеткен ағайынды жасөспірімдер әлі табылған жоқ Фото: aikyn.kz

Атырауда Жайық өзеніне батқан ағайынды жасөспірімдер әлі табылған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

"Сол күні кешке Атырау қаласының іргесіндегі Геолог елді мекенінің тұсында бір топ жасөспірімнің Жайық өзеніне шомылуға барғаны анықталды. Олар өзеннің шомылуға тыйым салынған белгі орнатылған жерінде суға түскен. Сол кезде 2007 және 2008 жылы туған ағайынды жасөспірімдер суға батып кеткен", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы, полковник Асқат Ержанов жасөспірімдер суға батқан орынға барды.

Құтқарушылар жасөспірімдерді 14 маусымда да іздестірді. Алайда, әзірге нәтиже жоқ. Ал 15 маусымда Жайық өзенінен іздестіруге 10 кұтқарушы, 4 қайық тартылды. Олар іздестіру жұмысын әлі жалғастырып жатыр. Қазір іздестіру жұмысына өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, жедел құтқару жасағының бастығы Ә.Жұмалиев басшылық жасауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу