Бұл туралы Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі, хабарлады деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іздеу жұмыстары 3 мамырда басталды.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағыстың қатты болуы, бөгде заттардың кездесуі іздеу жұмыстарында қиындық туғызған. Алайда қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс жасап, түрлі құрал-жабдықтар пайдаланған.
Іздеу жұмыстарына 12-ден астам құтқарушы, 4 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника және ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылды. Сонымен бірге, ПД қызметкерлері және кемесі де осы іске тартылды.
Сүңгірулермен 7 140 шақырымда 21 рет су астынан іздестіру және ұзындығы 23 700 метр, ені 70 метр болатын тралдау жұмыстары жүргізілген.
Осындай кең көлемде іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 11 мамыр күні сағат 10:52 шамасында оқиға орнынан 2 шақырым жердегі қашықтықтан жігіттің денесі табылды.