Балақбақша құрылысы шетелдік компанияның демеушілік қаржысына салынған.
"Мемлекет тарапынан балалардың алаңсыз тәлім-тәрбие, білім алуына қолайлы жағдай жасала береді. Соның бірі – мектепке дейін тәрбие беретін балабақша құрылысын жүргізу.
Мұнайлы Атырау облысында жыл сайын пайдалануға берілген балабақшалар саны артып келеді. Алдағы уақытта де мұндай жаңа балабақшалар құрылысын салу жалғасын табады", - дейді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.
Жаңа балабақшада 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшада 7 топ бар. Оның ішінде ең кіші бүлдіршіндерге арналған үш топтың әрқайсысы 20 орынға есептелген. Ал өзге топтарға 25 баладан қабылданады.
"Балабақшада спорт, гимнастика және музыка сабағын өткізуге арналған залдар бар. Барлығы жаңа жабдықтармен қамтылған. Мұнда мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерге тәрбие беретін 45 қызметкер, оның ішінде 20 педагог, 26 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Ал балаларды қабылдау 20 қаңтардан басталады. Оны indigo24.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр", - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Жаңа балабақшаның аумағындағы 7 алаңға күн түспей, көлеңке болуы үшін шатыр орнатылған. Бұл алаңдарда спорттық және өзге де іс-шаралар өткізіледі.