Атырауда тағы да қамыс өртенуде

1218

Оны өшіруге балшық пен одан өтетін көліктің жоқтығы кедергі.

Атырауда тағы да қамыс өртенуде

Атырауда тағы да қамыс өртеніп жатыр. Бұдан үш күн бұрын басталған өрт әлі өшірілген жоқ.

Өрт Атырау қаласына жақын Алғабас ауылынан 43 шақырым қашықтықтағы жерден шығып отыр. Бұл жолы оттың тұтануына "Lada-21214 НИВА" маркалы автокөлігінің жанып кетуі себеп болған, кейін "Фрегат" маторлы қайығы да қоса жанып кетеді. 

Хабарлама келген кезде екі көлік пен 11 қызметкерін жіберген төтенше жағдайлар қызметі одан кейін техника мен адам санын біртіндеп көбейтіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, оған жеке құрамнан 33 адам, 6 дана техника, 4 суда жүзу құралы, 4 мотопомпа, сондай-ақ, "Ақжайық" резерватынан 25 адам мен 6 дана техника тартылған. 

Өрт ошағы жеті деп белгіленсе қазіргі күні оның 950 шаршы метр құрайтын 4-уі өшірілген. Жұмыстың ұзаққа созылып кетуі тағы да қамысты жердің балшықты болғандықтан өтуге қолайсыздық тудыратынымен түсіндіріледі. Сондай-ақ кешкі мезгілде қараңғы түскеннен кейін де өрт сөндіру тоқтатылып тұр. Алайда арнайы қызмет өрт жақын елді мекендердегі тұрғындарға қауіп төндірмейтіндіктен, оны әуеден тікұшақ арқылы өшіруге қажеттілік жоқ деп санайды. 

"Каспий теңізі жағалауының сазды болуына байланысты өрт қарсы от қою және "хлопушка" құралын пайдалану арқылы өшірілуде. Өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр", – деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу