Атырауда тағы екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

196

Жасөспірімдер бүгін, 23 шілдеде сағат 00:50 шамасында өзенге суға түскен.

Атырауда тағы екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті Фото: Ашық дерек көздерінен

Атырауда тағы екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Түн ортасында туыстары жасөспірімнің бірінің мүрдесін судан шығарып алған. Екінші жасөспірімді іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жасөспірімдер бүгін, 23 шілдеде сағат 00:50 шамасында өзенге суға түскен.

"Полиция департаментінің жедел кезекшісінен Атырау қаласына таяу орналасқан Бесікті ауылының тұсында Жайық өзеніне 2 адамның суға батып кеткені жөнінде хабар түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шақырту орнына жедел жетіп, 2010 және 2011 жылғы 2 жасөспірімнің суға батып кеткенін анықтады. Туыстары 14 жасар жасөспірімнің мүрдесін судан шығарып алған. Ал, құтқарушылар 2011 жылғы жасөспірімді су астынан іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жайық өзеніне батқан жасөспірімді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 11 құтқарушы, 5 жүзу құралы тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу