Атырауда демалыс күндері қою қара қою түтін көрініп, көпшілікті алаңдатқан еді. Бұл "Спецавтобаза" ЖШС-не қарасты полигон маңындағы бір шұңқырдың ішінде медициналық қалдықтарын өртеп жатқан "AG Disinfection services" ЖШС болып шықты.
Тұрғындардың мән-жайды анықтауды сұраған өтініші экология департаментінің "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесіне де келіп түскен. Соның негізінде, департамент залалсыздандыру мекемесінің бұл әрекетінде қылмыстық құрам болуы мүмкіндігін ескере отырып, Атырау облысының полиция департаментіне "AG Disinfection services" ЖШС-не қатысты ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес процессуалды шешім қабылдау үшін тиісті құжаттарды жолдады. Қазіргі күні қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары басталған
"Қалдықтар арнайы қондырғыда өртенген, ол әлі толықтай сөндірілген жоқ, жанып жатыр", - деп хабарлайды экология департаментінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.
Құралай Қуатова,
Атырау облысы