Атырауда талапқа сай келмейтін азық-түлік өнімдері анықталды

574

Атырауда талапқа сай келмейтін азық-түлік өнімдері анықталды

Атырауда көптеген микробиологиялық көрсеткіштер мен азық-түлік өнімдерінің белгілерінен заң бұзу әрекеті анықталды, деп хабарлайды atr.kz.

"2224 азық-түлік үлгісіне жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптау шараларының 707-сі Кедендік Одақтың техникалық регламенттері мен бірыңғай сантиарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сай болмай шықты. Азық-түліктен алынған 1563 үлгінің 26 пайызы заңға сәйкес емес. Тиісті талаптарға сай келмейтін азық-түлік өнімдерінің 86 пайызы Қазақстанды қоса алғанда Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері, 4 пайызы алыс шем мемлекеттерге тиесілі. Микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін 56 азық-түлік өнімінің үлгісі анықталды", - дейді облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Оның айтуынша, заңбұзушылықтар бірінші кезекте тауардың белгісіне байланысты туындауда. Бұл көрсеткіш қазір 88 пайызды құрап отыр. Яғни, онда азық-түлік өнімінің атауы мен оны дайындаушы, дайындайтын орынның мекенжайы мен тұтынуға болатын мерзім, өнімнің құрамы мен оны сақтау туралы мәліметтер жоқ.

Тексеру нәтижелері бойынша, 37 әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде іс қозғалып, кінәлілерге 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу