Атырауда тәрбиеші тыныш отырған бүлдіршінді ұрып, аузын жарақаттаған

231

Бөбектің анасы камераны көрсетуді талап еткен.

Атырауда тәрбиеші тыныш отырған бүлдіршінді ұрып, аузын жарақаттаған Фото: видео скриншот

Атырауда балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінді ұрғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүлдіршіннің балабақшаға барғанына үш күн ғана болған. Үшінші күні анасы баланың аузы ісініп, көгергенін байқады. Содан кейін камераны көрсетуді талап еткен.

Видеода тыныш отырған бүлдіршінді тәрбиеші ұрып-жұлқылаған. Салдарынан бала кереуетке соғылып, басын жарақаттап алған. 

"Келесі күні мен камерадан күтушінің баламды қалай ұрғанын көрдім, бірақ басшылық бұл фактіні мойындамай, қызметкердің байланыс нөмерін беруден бас тартты. Ол WhatsApp хабарламаларын оқыды, бірақ жауап бермеді. Мен қатты ашуландым", – дейді қыздың анасы.

Айтуынша, бала қазір күндіз-түні жылап, құса бастаған.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды", – дейді облыстық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу