Атырауда тәртіпсіздіктерден зардап кәсіпкерлер көмекке жүгінді

1010

Шығын көлемі анықталып жатыр.

Атырауда тәртіпсіздіктерден зардап кәсіпкерлер көмекке жүгінді

Атырауда жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен үш кәсіпкерлік нысан көмекке жүгінген. Ол бойынша шағымдарды Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы қарауда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қазіргі күні күні бір автокөлік кәсіпорнының 285 мың теңгеге зардап шеккені анықталды. Сонымен қатар, жеке күзет қызмет көрсету мекемесі мен Атырау облысы әкімдігі ішіндегі асхана мен дүкенге шығын келтірілген. Олардың шығын есебі анықталуда. 

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Сүйінбаевтың айтуынша, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыс әкімінің шешімімен жаппай тәртіпсіздік салдарынан келтірілген зиянның сомасын анықтау жөніндегі комиссия құрылды. Өтініштердің барлығы комиссия отырысында қаралып, нақты шешім қабылданған. Төтенше жағдайларға байланысты бизнес субъектілерінің келісім шарттық міндеттемелерін орындаудағы кедергілер бойынша, яғни форс-мажорлық жағдайда кәсіпкерлердің жедел желілер бойынша хабарласуы қарастырылған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу