Атырауда тасқын суды Каспий теңізіне бағыттау үшін 14,5 км қосымша канал қазылады

234

Яғни, Жайықтан келген су қосымша канал арқылы Каспий теңізіне құяды.

Атырауда тасқын суды Каспий теңізіне бағыттау үшін 14,5 км қосымша канал қазылады Фото: canva.com

"Қазсушар" мекемесінің Атырау облыстық филиалы мен жергілікті әкімдік бірлесіп су тасқынына дайындық аясында қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тереңдігі - 2 метр, ені - 7 метрден асатын канал Атырау қаласы арқылы өтетін судың көлемін азайту мақсатында қазылуда.

Яғни, Жайықтан келген су қосымша канал арқылы Каспий теңізіне құяды.

Айта кету керек, Атырау облысына келген суды Қазсушарға қарасты негізгі 4 канал: Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын қабылдап, теңізге қарай өткізеді. Мұнда Ресейдің Сақмар өзені мен Ириклі су қоймасынан келетін суды қабылдау үшін қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл су сәуір айының соңы немесе мамырдың басында келеді деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу