Атырауда "Таубаев ісі" прокуратураға қайтарылды

960

Істі алдын ала тыңдау кезінде кейбір заң бұзушылықтар анықталған.

Атырауда "Таубаев ісі" прокуратураға қайтарылды

Атырау облысының қылмыстық соты облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен басқарма басшысы Тимур Басаровқа қатысты қозғалған істі прокуратураға қайтып беру жөнінде шешім қабылдады. Белгілі болғандай, істі алдын ала тыңдау кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Бұл жөнінде адвокат Нұрлан Жолболов әлеуметтік желілерде жария етті. 

Оның айтуынша, сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеушісінің айыпталушылардың құқығын шектегенін және олардың адвокаттарына қылмыстың істің материалдарымен танысып, өтініштер беріп, олар бойынша жауаптар алуына мүмкіндік жасамағанын көрсеткен.Сонымен қатар, айыптау актісі бойынша "айыптау шегін анықтау" да қиынға соғыпты. 

Сондай-ақ, тергеуші әзірлеген айыптау актісінің өзі 3 желтоқсан күні жазылса, сол күні-ақ қол қойылып, прокуратураға жолданып, ол жерден де өтіп, ертеңіне сотқа жолданады. Нұрлан Жолболовтың айтуынша, бұл істі қараған жедел тергеу тобының жиырмаға тарта жедел уәкілі мен тергеушісінің, ал қадағалаушы прокурордың саны үшеу болғанына қарамастан өздерінің міндеттеріне "формалды түрде" қарағанын білдіреді. Осылайша, адвокат қозғалған іске бұлайша қарау келешекте басқа қаралатын істердің де тергеу барысында бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін деген көзқарасын білдіреді. 

Айта кетейік, аталған тұлғалар 182 млн теңге пара алды деген күдікпен 10 қыркүйек күні ұсталған болатын. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу