Атырауда Тәуелсіздік күнінде 38 сәби жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды 24.kz.
Қалалық әкімшілік пен медициналық мекемелер бірлесе жас босанған аналар мен нәрестелерге тарту-таралғы жасады.
Перзентхана мамандарының айтуынша, аналар мен шақалақтардың денсаулығы жақсы. Ана мен балаға деген құрмет Тәуелсіздік мерекесі күні жыл сайын өтетін дәстүрлі шара. Бұл күні медицина қызметкерлері мен ата-аналар арнайы концерттік бағдарлама даярлап, жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан жаңа туған сәбилерге аса қажетті бағалы сыйлықтар беру үлгілі үрдіске айналған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу