Атырауда театр мен музейлер жұмыс істеуде

1642

Махамбет атындағы драма театры премьералар ұсынбақ.  

Атырауда театр мен музейлер жұмыс істеуде

Атырау облысында 18 ақпаннан бастап бірқатар мәдени-көпшілік орындар ашылып, жұмысын бастады. Келушілерден арақашықты сақтап, бетперде режимін сақтау талап етіледі, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Махамбет атындағы драма театры көрерменге Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан", Мәлік Отарбеевтың "Баянды бақ", георгий Хугаевтың "Андро мен Сандро" қойылымдарын ұсынып отыр. Сондай-ақ, театр әртістері жақын күндері Мұқанғали Томановтың режиссерлік етуімен Антон Чеховтың "Үш апалы-сіңлілер" спектаклін қоюға әзірленіп жатыр екен.

Бұдан бөлек, мұнайлы астанада аталған күннен бастап облыстық тарихи-өлкентану музейі мен Ш.Сариев атындағы көркемсурет музейі де көпшілік үшін ашық. Нақтылай кетсек, драма театрының қойылымдары кешкі сағат 19.00-де басталады, ал музейлер бұрынғыдай күні бойы жұмыс істейді. Өңірдегі мәдени-көпшілік мекемелер бұған дейін бір ашылып, облыс "қызыл аймаққа" енген кезде қайтадан жабылып қалған еді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу