Атырауда театр өртенді

749

Өрт шарпыған аумақ 1,5 мың шаршы метрге жетеді.

Атырауда театр өртенді

Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрынан өрт шығып, театр аумағы қоршауға алынды, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитеті.

"22 тамыз  14:30-да Өтемісов атындағы қазақ драма театрында өрт шыққаны туралы Атыраудың "101" пультіне хабарлама келіп түсті. Ғимараттың екінші қабатындағы электроқалқаннан тұтанған өрт төбе жабынын да шарпыған",– делінген ведомство таратқан ақпаратта.

1,5 мың шаршы метрдей аумаққа жайылған өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу