Атырауда өткен аптада 5 және 4 жастағы ағайынды бүлдіршін қыздар терезеден құлап кетті, деп хабарлайды atpress.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үлкені оқиға болған жерде қаза тапса, екіншісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
"Жансақтау бөліміне 5 және 4 жастағы екі қыз келіп түсті. Үлкенінің жарақаты тым ауыр болды, дәрігерлер оның өмірі үшін барын салды, дегенмен нәтиже болмады. Екіншісінің жағдайы тұрақты ауыр болды", – дейді баспасөз қызметі өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу