Атырауда TikTok-та балағат сөз айтқан қыздың анасы жауапкершілікке тартылды

275

Атырауда кәмелетке толмаған қызының әлеуметтік желідегі әрекеті үшін анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырауда TikTok-та балағат сөз айтқан қыздың анасы жауапкершілікке тартылды Фото: Polisia.kz

14 қазанда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде кәмелетке толмаған қыз балағат сөздер айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы дерекке байланысты оның заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оған білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік шара қолданылды.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың тәрбиесіне жауапты екенін еске салады. Сондай-ақ олардың мінез-құлқына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне де назар аударуы қажет екенін ескертеді.

Құқық қорғау органдары адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, сондай-ақ буллингке жол берілмейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу