Атырауда тоғыз жастағы бала екі тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

1366

Атырауда екі тәуліктен беріт тоғыз жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Ақ Жайық"-қа сілтеме жасап. 

Атырауда тоғыз жастағы бала екі тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

"Ол бауырымен Балықшыда орналасқан үйден ойнауға шығып, қайтып оралмады. Балалар 22 қаңтарда сағат 15.00-де серуенге шықты, 18.00-ге қарай кіші ұлы қайтып келіп, ағасы әрі қарай серуендеуге кеткенін айтты. Бір жарым сағат бойы ата-аналар ұлын өздері іздеп, таппай, полицияға қоңырау шалды. Баланың аты – Еппили Саяли Аннанд Раон. Ол шағылысатын элементтері бар қара-сұр куртка мен көк бас киім киген", – делінген жексенбі күнгі хабарламада.

Таңертеңгі сағат 5.30-да құтқарушылар іздестіруге қосылды. Қазіргі уақытта құтқарушылар Балықшы шағын ауданында іздестіру жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ Перетаска каналына сүңгуірлер түсті. 

"Іздеуге Атырау облысы ТЖД-нің 17 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД-нің қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.

Балықшы тұрғындары мен бала оқитын мектеп мұғалімдері де іздестіру жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу