Атырауда толассыз жаңбыр жауып, қозғалыс қиындады

97

14 сәуір күні кешкі шамамен 19:00-2:30 аралығында жауған жаңбырдан қала көшелері мен арықтарда су жиналды.   

Атырауда толассыз жаңбыр жауып, қозғалыс қиындады Фото: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салдарынан адам мен көлік қозғалысы қиындады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.

Қалыптасқан жағдайға байланысты коммуналдық қызметтер жедел әрекет етіп, күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеп жатыр. Қала билігі жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

– Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар – мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар маңындағы аумақтар судан тазартылады. Басты мақсат – балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қала әкімі барлық көшеде көлік қозғалысына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасауға тиісті тапсырма берді. Жағдай толық тұрақтанғанға дейін, түнгі уақытты қоса алғанда, үздіксіз бақылау жүргізіледі, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір жаңбыр суын сору және көшелерді тазарту жұмысына 30-ға жуық арнайы вакуум техникасы жұмылдырылған. Мамандар су жиналған учаскелерді кезең-кезеңімен тазалап, жол қозғалысын қалпына келтіруге бар күшін салып жатыр.

Сағат 3:30-дағы мәлімет бойынша 109 байланыс орталығына су сору жұмысына байланысты 101 өтініш түскен, оның 45-і орындалған.

Тұрғындардың өтініші 109 бірыңғай байланыс орталығы және әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы қабылданып жатыр.

Бүгін, 15 сәуірде Атырау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр жауады, ал кей жерлерде жаңбыр және бұршақ жауып, екпінді жел тұратыны хабарланған. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу