Жаңа жыл түні Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Atyrau Online телеграм-арнасының мәліметінше, оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, үй тұрғындары эвакуацияланып, айнала қоршауға алынды.
Кейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталатын болады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отшашу себеп болған", - деді Бисембиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу