Қызыл жалын үйдің шатырын да шарпыды. Өрт орнына келген ТЖМ қызметкерлері 36 тұрғынды эвакуациялады, оның 7 балалар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Хабарлама түскен сәттен бастап, өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 26 минут ішінде жойылды. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де келді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Отты сөндіруге жеке құрам 37 адам және 9 арнайы техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу