Атырауда тұрғын үйдегі қазандық жарылған

888

Үш адам ауыр хәлде жатыр. 

Атырауда тұрғын үйдегі қазандық жарылған

Атырауда жеке тұрғын үйде газ жарылды. Үш адам ауруханаға жеткізілді, қазіргі күні олардың екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, – деп жазды іnbusiness.kz тілшісі. 

"Балауса" шағын ауданында болған оқиға 10 қараша күні түнгі 01 сағат 24 минутта тіркелген. "Жеке тұрғын үйде табиғи газындағы жылыту қазандығында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды. Тұрғын үйдің төбе жабындысы мен ішкі бөлмелері толықтай өртеніп кетті. Өрт 02 сағат 15 минутта оқшауланып, сағат 02 сағат 40 минутта өшірілді" деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

Өрттің салдарынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 2002 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр, 90% дене күйігін алған, 2002 жылғы тағы бір ер адамның да жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, ол 85-90% дене күйігін алған. Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастар ауа тыныс жолдары бұзылуына байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Үшінші науқас – 1999 жылғы әйел адам, нейротравматология бөлімшесінде дәрігерлердің жіті қарауында, жағдайы ауыр, 25-30% дене күйігін алған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу