Атырауда қатты жел мен нөсер жаңбырдан кейін көшелер суға толып, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қатты жел мен нөсер жаңбырдың салдарынан көшелер суға толды. Үш бірдей осындай электр бағаналары құлады. Салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды, деп жазды Qazaqstan.tv.
Қазір авариялық-жөндеу бригадасы электр энергиясын беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Кейбір жерлерде бағдаршам да істен шыққан. Қазір мамандар су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу