Атырауда түрлі даму ерекшелігі бар балаларға арналған орталық ашылды

1258

Атырауда түрлі даму ерекшелігі бар балаларға арналған орталық ашылды

Атырауда түрлі даму ерекшелігі бар балаларға арналған бірден-бір бірегей орталық ашылды. Атап айтқанда, аутизм, Даун синдромы, сал және басқа да ауруларға шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды. Бұл – Алматы қаласында орналасқан бас кеңсенің филиалы, деп хабарлайды atr.kz.
Жаңа нысанды орталық кеңсенің басшысы Жанат Ахметованың өзі келіп ашты. Ол өз кезегінде ерекше балалардың ата-аналарына қайтпас қайсарлығы мен батылдығы, асқан қамқорлығы мен табандылығы үшін алғыс білдірді. Орталықтың ашылуына қаржылай қолдау көрсеткен демеуші компаниялар да жетерлік. Құрметті қонақтар қатарында "Маленькая страна" ұйымының басшысы Ерлан Күмісқалиев, "Сана" қоғамдық қорының өкілдері Әйгерім мен Айжан және басқалары болды.
Бүгінде қоғамда балалар арасында сөйлеу қабілеті мен психикалық-психологиялық дамуы бұзылған балалар көп кездеседі. "Ава Росток" орталығының филиалының мамандары да осындай жандарды аяқтарынан тік тұрып кетуіне бар жағдай жасайды. Бұл жұмыстармен білікті дефектолог, логпед, психолог, ава-терапевттер айналысатын болады. Осы ретте түрлі ойын және топтық жаттығулар кешенінің септігі мол.
Ең бастысы, ава-терапиямен екі жыл оқытылған балалардың алдыңғы легі биыл мектеп табалдырығын да аттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу