Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болғандардың қылмысы әшкереленді

306

Мекеме қызметкерлері 3 телефон салынған түйіншекті тәркіледі.  

Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болғандардың қылмысы әшкереленді Фото: polisia.kz

Атыраудағы ерлер колониясына дрон арқылы ұялы телефон кіргізбек болған. Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні шамамен сағат 01:15-те орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

№ 15 мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта дрон арқылы белгісіз түйіншектерді жеткізу әрекетін анықтаған. Тексеру барысында картонға оралып, сыртынан скотчпен бекітілген үш түйіншек табылды. Оларды ашу кезінде ішінен үш ұялы телефон шыққан.

– Аталған дерек бойынша Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады, – деп хабарлады Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу