Атырауда түрмелерге арыз-шағым қабылдайтын терминалдар орнатылды

1453

Сотталғандар жіберген арыз-шағымдар бірден прокурорға немесе өзге де құқыққорғау органдарына түседі. 

Атырауда түрмелерге арыз-шағым қабылдайтын терминалдар орнатылды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты мекемелерге арыз-шағым қабылдауға арналған терминал орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сотталғандар саусақ ізі арқылы құқыққорғау органдарына шағым немесе өтініш қалдырып, үш күн ішінде жауап алатын болады. 

"Терминал сотталғандарға қолжетімді жерге қойылды. Сотталғандар жіберген арыз-шағымдар бірден прокурорға немесе өзге де құқыққорғау органдарына түседі. Яғни мекеме әкімшілігі араласа алмайды. Мәселен азаптауға қатысты арыз-шағымдар сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне жолданса, қызмет өкілеттіктерін асыра пайдалануға қатысты шағым полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесіне жіберіледі. Шағым немесе өтініш түсірген сотталғанның жеке басын анықтау саусақ іздері арқылы іске асырылады. Бұған қоса, шағымды қарау және шешім қабылдау процесін онлайн бақылауға мүмкіндік бар,-дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Манарбек Габдулин

Барлық мекемедегі сотталғандарға терминалды қолдану тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ арыз-шағымдарды мекемелердің сенім телефоны арқылы да қалдыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу