Атырауда тұтынушылар құқығы онлайн қорғалуда

1027

Жыл басынан бері 30 тұтынушы консультативтік кеңес алса, 27 тұтынушы телефон желісі арқылы хабарласты, деп жазады inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда тұтынушылар құқығы онлайн қорғалуда Фото: inbusiness.kz

"Жалпы Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне бүгінге дейін 98 арыз келіп түсті. Оның ішінде 63 арыз бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 19 арызға толықтай жауап беріліп, тұтынушыларға 1 147 570 теңге кері қайтарылды. Сондай-ақ, 16 арыз бойынша көтерілген мәселелерді шешу департаменттің құзыретіне жатпайтындықтан, тиісті құзырлы органдарға жолданды. Бұдан бөлек, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, әлеуметтік желілерде онлайн парақшалар мен байланыс телефондары жұмыс жасайды. Жыл басынан бері 30 тұтынушы консультация алса, 27 тұтынушы телефон желісі арқылы сұрақтарына жауап алды", - дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уалиев.

Департаменттің бас маманы Гүлбаршын Сұлтанованың айтуынша, 100 ге жуық атыраулық тауардың сапасына шағымданған.

"Пайдаланылмаған өнім 14 күні ішінде қайтарылуға жатады. Егер 14 күні ішінде тауарды қайта алуға сатушы қарсы болса, жазбаша түрде сатушыға наразылық білдіреді. ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 42 бабында белгіленгендей, 10 күн ішінде сатушы тараптан жауап келмесе, бізге шағымдана алады", – дейді Гүлбаршын Сұлтанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу