Атырауда Тұзды көлге баруға тыйым салынды

1799

Оған демалушылардың көптігі себеп болып отыр.  

Атырауда Тұзды көлге баруға тыйым салынды

Атырау аймағының ішкі туризмін дамытып отырған нысанның бірі -  Индер ауданында орналасқан Тұзды көл аумағы енді жабық. Облыстың Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 28 шілдеден бастап Тұзды көлге баруға уақытша тыйым салынды.

Өңірдегі карантиндік режимге қарамастан аудан аумағында орналасқан Тұзды көлге және жасанды карьерлерге алыс-жақыннан келіп демалушылар көбейіп кеткен.

"Күні бүгінге дейін аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келді. Десе де, әр аймақтан келіп жатқан  демалушылар бар. Сол себепті,  осындай шешім қабылдауға тура келді. Карантин режимінің сақталуын аудандық полиция қызметкерлері қадағалайды. Ережені елемей, тәртіпті бұзғандарға шара қолданылатын болады", - деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көпшілік Ресейдегі Соль-Илецк көлімен салыстыратын Тұздыкөл аудан орталығы Индербор поселкесінен 15 шақырым жерде орналасқан. Құрамында Менделеев кестесінің он алты түрлі қазба байлығы бар деп есептелетін көлдің суы мен қара балшығы ем ретінде пайдаланылады.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу