Атырауда түзету мекемесінің басшысы ұсталды

1182

Ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Атырауда түзету мекемесінің басшысы ұсталды

Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінің басшысы мен бас бухгалтері ұасталды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше рет алған. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармағы ("Пара алу")  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

"Атырау қ. мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу") сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу