Атырау қаласының прокуратурасы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, қайырымдылық мекемесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 516 880 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Құзырлы органдар балаларды діни бағытта оқыту және пансионат қызметтерін рұқсат құжаттарынсыз ұсынған мекемелерге қатысты шара қабылдады.
Прокуратураның талап арызы негізінде төрт мекеменің мемлекеттік тіркеуі күшін жойып, барлық пансионаттар таратылды.
Экстремистік әдебиеттердің таралуын болдырмау және балалардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басты назарында.